• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:43:05
Алматы
+35°

Қамшы порталы "Қамшы like" видеожобасына (саяси вайн) кастинг жариялайды. Жоба "Саяси сатира" байқауының жемісі. Енді "Қамшы like" видеожобасының жұлдызы боламын деген талантты актерді анықтайтын кез келді. Ол үшін төмендегі шарттарды оқыңыз да керемет мүмкіндіктен қапы қалмаңыз!

"Қамшы like" видеожобасының жұлдызы болуға үміткерлер үшін:

  1. Қатысушының ұлтына, жынысына шектеу қойылмайды. Жобаға жас мөлшері 18-45 аралығындағы кез келген талант қатысуына болады.
  2. Талапкер алдымен әртістік шеберлігін көрсете алатын өзі қалаған шағын қойылымды ойнап беруі тиіс.
  3. Сондай-ақ қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырманы орындап көрсету міндеттеледі (сатиралық шығармадан, белгілі туындылардан үзінді, юморлық диалог, шағын миниатюра, пародия т.б.)
  4. Алматы қаласы және қала маңындағы үміткерлер үшін кастинг офлайн форматта өткізіледі. Ал алыс аудандағылар кастингке онлайн форматта қатысады.
  5. Қатысушы өзі туралы толық мәліметті [email protected] эл.поштасына жіберуі тиіс.
  6. Жеңімпаз тұрақты жалақымен, Алматы қаласында тұратын пәтермен, жол шығындарымен қамтамасыз етіледі. Яғни барлық жағдайы жасалады.
  7. Кастинг шілде айының 1-і мен 10-ы аралығында өтеді. "Қамшы like" жобасының барлық өнімдері заңмен қорғалады.

 

Оқи отырыңыз:

♦ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Саяси сатира" байқауы

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір