• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 10:55:45
Алматы
+23°

Парламент мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Аталған заң жобасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуді және тұрмыс сапасын жақсартуды, мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін әлеуметтік қорғауды көздейді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтамасыз етілмегенін айтты. Оның сөзінше, заң жобасын қабылдау нәтижесінде сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам күтім бойынша жәрдемақымен қосымша қамтылады.  

"Аталған заң жобасының арқасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобы беріледі. Мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін көтеріледі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Бүгінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналары ажырасқан уақытта алиментпен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Ал ата-анасының біреуі немесе екеуі қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыға ие болады.

Отырыста талқыланған заң жобасы еңбек жарақатынан мүгедек болып қалған адамдардың мемлекет есебінен оңалтуға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтауға мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй берілмесе, мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Ал жаңа норманың арқасында 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады" делінмен министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәжіліс жәрдемақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір