• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:06:52
Алматы
+35°

Президент Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  заңына қол қойды деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Конституциялық кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының ата заңына сай келетінін мәлімдеді.

Сонымен қоса президент үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі конституциялық кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырды, –  деді Берік Уали. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір