11 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры, америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады.
Блогер Бейбіт Әлібековтің Telegram каналында жарияланған видеода Илон Маск Tesla Motors сервисі Қазақстанда осы жылдың соңында немесе келесі жылы пайда болатынын айтқан.
– Біздің АҚШ-тағы тілшіміз Әнуарбек Иманбаев TESLA PLAID презентациясынан видео жолдады. Илон Маск оған Tesla Motors сервисі Қазақстанда биыл немесе келесі жылы міндетті түрде пайда болады деп жауап берді. Алайда миллиардер Техас пен Берлинді атап өтіп, Gigafactory Kazakhstan (TESLA-ға тиесілі зауыт) туралы жауап бермеді, – деп жазды Бейбіт Алибеков.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір