• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:17:07
Алматы
+35°

11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты 12-14 маусым аралығында ашық алаңда өтеді. Бұл туралы білім және​ ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Ведомство басшысы атап өткендей, мектептер санитарлық қауіпсіздік шараларын, маска режимін қатаң сақтауға тиіс. Сондай-ақ салтанатты шараға қатысушылар кемінде 1-1,5 метр ара қашықтықты қамтамасыз етіп, ата-аналар мен заңды өкілдердің біреуі ғана келуі керек.

Білім және ғылым министрлігі аттестат тапсыру салтанатын әр сынып үшін бөлек өткізуді ұсынады.

Аттестаттарды тапсыру рәсімі сағат 10.00-де басталады және әрбір мектеп бітіріп жатқан сыныпқа 40 минут уақыт беріледі. Іс-шаралар арасындағы интервал 20-30 минуттан кем болмауы керек.

– Біз мектеп түлектерінің бір-бірімен қауышып, мұғалімдерінің ізгі тілектерін тыңдауға және мектепті бітіру туралы аттестаттарды салтанатты түрде алуға деген тілектеріне түсіністікпен қарадық. Алайда, енді әрбір мектеп қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесін өз бақылауында ұстауы тиіс. Сондай-ақ іс-шараларды өткізу үшін ақша жинауға, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға жол берілмейтінін тағы да еске салғым келеді, – деп атап өтті Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір