• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:52:55
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Қ. Тұрдиев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес:

  • карантин режимін сақтай отырып, халықты (туристерді) орналастыру және демалыс қызметімен байланысты туристік сала нысандары қызметіне (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) рұқсат етіледі;
  • жағажай аймағында және ортақ серуендеу аймағында (олар болған жағдайда) әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер салынады;
  • бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан демалушылар арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып, жағажай аймағында демалушыларға рұқсат беріледі;
  • жазғы демалысқа келетін адамдардың көп жиналатын орындарындағы ғимараттардың үй-жайларына (теміржолда және автовокзалдарда, әуежайларда, аялдамаларда, қоғамдық көлікте) күнделікті профилактикалық дезинфекция жүргізіледі;
  • "Сары/қызыл" мәртебесі бар демалушылар объектілерге жіберілмейді және туристік-рекреациялық аймақтарға келуіне тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылдың 15 маусымы сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір