• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:08:04
Алматы
+35°
12 маусымда Мақпалсай шатқалынан Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен бір адамның денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмаған. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыған.
 
"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің, ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің 127 қызметкері, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде" делінген хабарламада.
 
21 мамырда Түркістан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адам жоғалған. 28 мамырда олардың үшеуі дін-аман табылды, 29 мамырда екі туристің мәйіті табылған. Тағы бір турист Қуаныш Тоқтасынның денесі 12 маусымда табылды. Бір адам іздестіріліп жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір