• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:42:44
Алматы
+35°

Жанболат Мамай қайтсе де Бауыржан Байбекті қаралау үшін Алматыда жүргізілген барлық реформаларды түбегейлі жоққа шығарып, бәрін төңкеруге дайын. Оның осындай мақсатпен жасаған жалған мәлімдемелердің бірі – темір қоршаулар мен билбордтарды алып тастау кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптауы. Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова Әуезов аудандық №2 сотында өтіп жатқан азаматтық-процессуалдық процесте осылай деді.

Оның айтуынша, қаланың көркін айтарлықтай бұзған қоршауларды алып тастау туралы бастамаға мегаполис тұрғындары түсіністікпен қарап, қолдау білдірген. Осылайша, меншік иелері әкімдіктің ұйғарымы бойынша қоршауларын өздері бөлшектеп, оларды өздеріне қалдырған. Металл, шойын, ағаш, бетон және басқа да материалдардан жасалған қоршаулар бөлшектелді.

– Коммуналдық меншік нысандарының бөлшектелген қоршауларының бір бөлігі мектептер, балабақшалар және басқа да нысандардың айналасындағы жарамсыз қоршауларды ауыстыру кезінде пайдаланылды. Пайдалануға жарамсыз шағын бөлігі қалалық полигонға шығарылды. Алынған қоршаулардың бір бөлігі "Алматы Тазалық" МКК-да болды. Мұның бәрі қаланы абаттандыру мақсатында жасалды және БАҚ-та белсенді түрде жарияланды, – деді А.Ташенова.

Заңгер бір кездері Алматының көшелері өте үлкен, көзге қораш жарнама тақталарынан көз ашпай қалғанын айта келе, 2015 жылғы қарашада Алматы қаласы мәслихатының №381 шешімімен жарнамалық конструкциялардың жаңа үлгілері мен өлшемдерін реттейтін қаланы абаттандыру ережелеріне өзгерістер енгізілгенін алға тартты.

Соттың 2016 жылғы шешімімен Алматыны Абаттандыру ережелеріне тиісті өзгерістер заңды деп танылды.

– Кәсіпкерлерге 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін билбордтарды аталған талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік берілді. 5 ай – билбордтарды ауыстыру үшін жеткілікті уақыт. Көптеген компаниялар осы кезеңді пайдаланып, билбордтарын жаңартты. Алайда, кейбір кәсіпкерлер бұл мүмкіндікті пайдаланбай, сол арқылы мәслихат қабылдаған Ережені бұзды, – деді заңгер.

Адвокат Ережеге бағынбағандардың бірі ретінде "Prior Print" компаниясын атады. Әкімдік аталған компанияға 9 ай ішінде ерікті түрде кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдау туралы бірнеше рет хат жолдаған. Алайда олардың тарапынан ешқандай әрекет жасалмағанын, осыдан соң заң бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданғанын атап өтті.

– Мұнда да Мамай әдеттегідей көпшілікті шатастыру үшін бәрінің өңін теріс айналдыруда. Жалпы, бұл жерде Бауыржан Байбектің 2 жылдан бері Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істемейтінін, дегенмен, оның тұсында енгізілген барлық бастамалар қала мен оның тұрғындарына әлі де пайдасын тигізіп отырғандығын баса айтқым келеді. Егер олар заңсыз болса, тұрғындар қолдамас еді және қаланың дамуына ықпал етпес еді, онда оларды Алматының жаңа басшылығы терістеп, жалғастырмаған болар еді, – деді А.Ташенова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір