• USD 424.6

  • EUR 500.9

  • RUB 5.73

  • CNY 65.51

27 Шілде, 04:00:24
Алматы
+22°

Бүгін Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің азаматтық белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың үстінен түсірген талап арызы бойынша негізгі сот процесі басталды.

Онлайн отырыста Бауыржан Байбектің өкілі Айжан Тәшенова 1 сағаттан астам уақыт сөйлеп, Ж. Мамайды Б.Байбекті қаралау үшін Алматыда жүргізілген барлық реформаларды түбегейлі жоққа шығарып отыр деп айыптады. Белсендінің темір қоршаулар мен билбордтарды алып тастау кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптауына жауап берді.

Ал Жанболат Мамай тарапы айыптаушы тарап заңгерінің тым ұзақ сөйлегенін, бұған судья араласпай отырғанын айтып, судьяны ауыстыруды сұрады. Сондай-ақ ол процеске тікелей және жанама түрде қатысы болған соң Бауыржан Байбек пен оның туыстарын қатыстыруды сұрады. Алайда оның өтініштерін судья қанағаттандырмады.

Артынша Жанболат Мамай ертең, 15 маусым күні 9:30-да Бауыржан Байбек талап арызы бойынша сот талабы жарияланатынын, 12:00-де сот қорытындысы бойынша пресс-конференция өтетінін мәлім етті.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Б.Байбек-Ж.Мамай соты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір