• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:54:33
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин президенттіктен кететін болса елде ешқандай өзгеріс болмайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады. 

Путин президенттік жұмысын енді бастаған 2000 жылдардағы Ресейдің қандай болғанын есіне алды.

–  Ресейдің егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтау шегінде теңдесті. Бұрын кедейлік шегінен төмен азаматтардың саны орасан болатын. Қазір жағдай басқаша. Әрине көптеген проблемалар бар, бірақ жағдай өзгерген. Осы уақыт ішінде билік терроризмді толықтай тұншықтыра алды. Кейін менің орныма басқа адам келеді. Неліктен мұның бәрі құлдырауы керек, – деді Путин. 

Оның айтуынша, саяси сахнада әртүрлі көзқарастағы адамдар пайда болуы мүмкін. Ол өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған.

– Мен үшін Ресейді нығайтудан маңызды міндет жоқ. Егер елге адал және бүкіл өмірін отан үшін құрбан етуге дайын, сындарлы көзқарасы бар адам болса, ол барлық қолдауға ие болады. Әрине бұл табиғи процесс. Бәріміздің орнымызға басқа адам келеді. Бірақ мен Ресей мемлекеттілігінің, Ресей экономикасының, саяси жүйесінің іргелі негіздері оның аяғына нық тұрып, болашаққа сеніммен қарайтынына сенімдімін, – деді Путин. 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Владимир Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір