• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:53:45
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды сұрап, депутаттық сауал жолдады. 

Депутат сөз басында биыл мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестіні жаңа форматта тапсырып жатқанын, түлектер қажет болған жағдайда тестті қайта тапсыруға мүмкіндік алғанын атап өтті.

Осыған байланысты, өткен оқу жылы қашықтан оқыту және стресстік жағдай түлектер көрсеткіштерінің нашарлауына ықпал еткенін айтты.

– Өткен жылдардың статистикасын бәріміз білеміз, қанша түлек стресске төтеп бере алмай, төтенше шараларға барды. Құдай сақтасын одан. 

Сонымен бірге, бұл балалар қылмыскер емес және қоғам алдында ештеңеге кінәлі емес, лайықты білім алуға және өмірде жетістікке жетуге деген ниеттері бар. Біз жастарымызды азаптап емес, табандылықпен жігерлендірген дұрыс болар еді.

Үлкен биіктерге жеткен табысты мемлекет қайраткерлері мен кәсіпкерлердің көптеген мысалдарын білеміз. Мысалы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Али баба Дүниежүзілік сауда интернет жүйесін жасаушы Джек Ма - 10 рет университетке түсу емтихандарын тапсыра алмапты.

Ал ұлы ғалым, саластырмалық теориясының авторы Альберт Эйнштейн, мектепте оқығанда топас оқушы деп есептелетін.

Иә, кейбір балалардың таланттарын көпшілік жүре бара байқайды. Алысқа бармай-ақ, өз мақтанышымыз Димаш Құдайберген соған соған айқын дәлел.

Сондықтан біздің түлектеріміздің алдында есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасынан болашақ жетекшілер, таланттар, не жай лайықты азаматтар шығуы мүмкін, – дейді ол.

Депутаттың сөзінше, ҰБТ-ны қайта тапсырудың кешіктірілуі ештеңемен негізделмеген және айқын тәуекелдерге алып келеді.

Осыған байланысты, үкімет басшысының орынбасарынан шұғыл түрде білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды және осы мәселені жеке бақылауға алуды сұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір