• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:08:26
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба" деген сұраққа жауап берді.

– Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады. Вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты. Вакцинация – ерікті. Бұл орайда біз ешкімді де мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмыстарын, тек ақпараттық қолдау ғана жүргіземіз, – деді Цой.

Бұған дейін министр қыркүйекке дейін 10 млн адамды вакциналау жоспарланып отырғанын айтқан. Бүгінде елде вакцинаның бірінші компонентін 2 587 884 адам алса, екінші компонентін 1 480 309 адам алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір