• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:55:42
Алматы
+35°

Сенат отырысында депутат Нариман Төреғалиұлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен білім беру сапасын жақсарту мақсатында сарапшылар мен педагогикалық қоғамдастықтың қатысуымен PISA (оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарлама) нәтижелері мен ұсынымдары қаншалықты талқыланғанын, және оның нәтижесі қандай, қашан іске асатынын сұрады.

– 2018 жылы PISA халықаралық зерттеуі өтіп, 2019 жылы нәтижелері белгілі болды. Біз оны эксперттермен, педагогикалық қауымдастықпен кеңінен талқыладық. Талқылап қана қоймай әр облыс, аудан, қала бойынша талдау жасалып, жергілікті атқарушы органдарға бердік. Сол бойынша нақты іс шараларды іске асыра бастадық. 

2019 жылы зерттеу нәтижелері белгілі болғаннан кейін 2020 жылдан бастап іске асырылған мемлекеттік бағдарламада кешенді шаралар қарастырылды. Күні кеше ғана сенаттың профильді комитетінде "Білімді ел" арнайы ұлттық жобасын талқыладық.  Ұлттық жобаның шеңберінде білім беру сапасын арттыру бойынша кешенді іс шаралар қарастырылып отыр. Білім беру сапасына түрлі факторлар әсер етеді. Сондықтан ең басты мәселе білімді, білікті педагогтермен қамтамасыз ету, әлеуетін арттыру, – деді ол.

Министр президент тапсырмасына сәйкес педагог статусы туралы заң 2020 жылдан бастап іске асып жатқанын атап өтті.

– Педогогтерді дайындау жүйесін жаңадан іске асырып, университеттердің білім беру бағдарламаларын жаңартып жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижесінде тек қана 1 жылда яғни 2020 жылы алтын белгі иегерлері арасында педагогикалық мамандықты таңдаған талапкерлер үлесі екі есеге артты. Орташа педагогикалық мамандықтарға түсіп жатқан  орташа 60-90 көбейді. 

Оқу сауаттылығы мәселесін арттыру бойынша біз "Кітапқа құштар" деген үлкен жобаны бастап кеттік. Кітапханалардың жұмысын жаңа форматта жасау мәселесі іске асырылып жатыр, – деп жауап берді Аймағамбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір