• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:01:41
Алматы
+35°

Павлодарлық ERTIS футбол клубы қоғамдық қорының директоры Серік Омарханов сотталды. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады

Агенттіктің мәліметінше, Серік Омарханов "ERTIS" клубын 2019 жылғы мамыр айынан 2020 жылдың ақпанына дейін басқарған. Команданың бас есепшісі 2019 жылдың маусымында команданың салық аударымдарын жасайтын қаражаты жоқ екенін ескерткен. Себебі команда құрамы негізгі ойыншыларының айлығы бір жылдық сметадан асып кеткен. Клубтың бұрынғы басшысы бас есепшіге салық органына бұрмаланған мәліметтерді тапсыруды бұйырған.

"Осылайша ол мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 193 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген. Серік Омарханов кінәсін толығымен мойындады. Сот осыны және оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, жазасын едәуір жеңілдетті. Яғни бір жылға ғана бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар түрмеден шыққан соң үш жыл бойы коммерциялық ұйымда басшылық қызмет атқаруына тыйым салынды. Ол қылмыстық кодекстің 245-бабына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды" делінген агенттіктің хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ERTIS Серік Омарханов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір