• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:13:40
Алматы
+35°

Бүгінгі қазақ қоғамына даңғаза ұлтшылдық керек емес!

(Ескерту: Мақала редакцияның позициясын білдірмейді. Редакция сөз еркіндігіне кепілдік беруді ең жоғары орынға қояды. Мақала авторының көзқарасына қарсы дәлелді ақпараттарға да елеулі орын берілген) 

     Ағыбай Әкбарұлы

Шыңғыс хан қазақ па, мұңғол ма? Бұл талас өз алдына, бірақ тарихшы Әлімғазы Дәулетханұлы мен шығыстанушы Тілеуберді Әбенайұлынң арасындағы талас-тартыс менің мазамды алды.

Тілеуберді Әлімғазыны "антиқазақшыл" деп бағалаған. Әлімғазы болса жазған-сызғаны қаттаулы, ғылымда орны бар танымал кәсіптік тарихшы. Саналы ғұмыры мен білімін қазақ тарихын зерттеуге арнаған, ойлы оқырманға өрелі ғылыми мақалаларымен, том-том ғылыми еңбектерімен, ұлты үшін шындықты тіліп, қара қылды қақ жарып айтатын күрескерлік рухымен белгілі ғалым. Олай болса Әлімғазыны қазаққа қарсы деп айтуға қалай дәті жеткен. Мен осыған қайранмын. Шыңғыс ханды қазақ деп тарихи факттерді келтіріп, ғылыми талас-тартыс жасалса оның тарих ғылымына зияны болмас еді.

Әлімғазының өмірі екі бағыттан тұрады. Бірі таза кәсіптік тарих бойынша ғылыми ізденіс бағыты. Әлімғазы ғылымда таза кәсіптік ғылыми көзқарас ұстанаған, тарихи фактке құрмет қылатын синолог, турколог ғалым.

Әлімғазы 1997 жылдан бүгінге дейін ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиха атындағы тарих-этнология институтының «Ежелгі және орта ғасыр» бөлмінде Профессор. Ол 2002-жылы 6-қаңтарда «Түркеш қағанаты»(саяси және мәдени тарихын зерттеу 692-766) атты күрделі тақырып бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үішін диссертация қорғады. Аталмыш жұмысты Қ.Нұрпейіс, У. Шәлекенов, М.Асылбеков, М. Қойгелдиев, Т.Омарбековтар жоғары бағалаған. Ғалымың «Түркеш қағанаты», «Ғұн-түрік-қазақ тарихы зертту мәселелері», «Шығыс түркістан халықтары ұлт азаттық  дәуірі әдебиеті», «Ежелгі және орта ғасырдағы түркілер» қатарлы монографиялары ғалымдардың, көз қарақты оқырманның қолынан түспейтін кітапқа айналған. Әлімғазының 1998- жылы түрік тілінен қазақ тіліне аударған Баһаддин Өгелдің екі томдық «ұлы хұн империясының тарихы» ұлтымыз үшін өшкенді жандырған, үзілгенді жалғаған ғылыми еңбек болған. Қазақ қоғамында, ғалымдар арасыда аса жоғары бағаланған. Бұл еңбектің қазақ тілінде сөйлеуі қазақтың ұлттық тарихи санасын жаңғыртып, қараңғыға жарық сәуле түсірген. Ол осы аудармасы арқылы-ақ ұлтымызға өшпес үшін үлес қосқан. ҚХР ШУАР университетінен қытай әдебиетін мамандығын үздік тауысқан сол жылдарда ұлттының еркіндігі мен теңдігі үшін «қуң арсы» деген бұхаралық үйым құрып қызыл туды қолға алып қызыл қытай үкіметіне қарсы тұрған жүрек жұтқан ерлігі, саяси күрес тарихы оның сол кезде Бейжіңге барып қытай үкімет басшысының көмекшісі штап бастығы Жоуфыңмен кехдесуі адам сенгісіз батырлық.1969-жылы 2-сәуірде бір топ жолдастарымен 8 күн жол жүріп Шығыс түркістанның соңғы арманын арқалап, асқақ рухпен шекара бұзып елге келген қаһрман. Қазақстанға келген соң 8 ай бойы мемлекеттік қаупсіздік комитетінің бақылауында болады.

Тар заман тауқыметі, тұрмыстың талқысында жүрседе талантымен Шым қалада М.О.Әуезов атындағы Педагогикалық институттың қазақ тілі әдебиеті факультетіне түсіп 1976-жылы баклаврлық дәрежесін алған. Алғашқы мамандығы әдебиет болсада ұлт үшін Қазақ ұлтының тәуелсіз тарихын жазуға үлес қосуым керек деп, ұлт де соққан отаншыл жүрегі тарих ғылымына қадам бастырады. Ғасырлап езгі көріп, тарихи тамырынан үзілуге шақ қалған ұлтты оятуға белсене кірскен. Шыдықтың жүзінде жүріп Алашқа аты шыққан үлкен тұлға, құрметті ақсақал.

Шыңғыс ханды тегі бойынша зерттеп қазақ емес деген адамды- қазаққа қарсы тұрғандық деп санасақ, бұл тек жала жауып, бетбақтыққа салынғандықтан басқа ештеңе емес. Қазақ ежелден мұңғолдармен, жоңғарлармен қанды қырғын соғыс салды, жеңді.  Күні кеше қызыл орыстың бодауына түскенге дейін біз Шыңғыс хансыз іргелі, тәуелсіз ел едік. Осы кезде біздің ұлттық рухымыз қандай асқақ күшті болды десеңізші. Өр рухты һәм асқақ ұлт едік ол кезде. Біз Шыңхыс ханды қазақ деп танымаған осы тарлан тарихымызды Тілеубердінің талғамы бойынша анти қазақшылдық тарих деп айтуымыз керек екен сонда?

   Шыңхыс ханды біз қанша жерден биологиялық жақтан қазақ этникалық топтарына сүйегін жатқызып шырылдасақ та, ол бәрі бір моңғолдың туын көтеріп солардың хандығын құрды. Ал Әлімғазы болса өз мақаласыда Темучин жарты әлемге билік еткен сол дәуірдегі тарихи шындықты зерделей келе сол кездегі және қазіргі мұңғол мен қазақты құрған ру тайпаларының этникалық сипаттарының ұқсастығын, іргелес көршілігін, еншілес ғұмыр кешкен тарихи шындығын көзге ұстай отырып ой қорытқан. Шыңғыс ханның жарты әлемді билеуі түрік тайпаларының баһадүр жауынгерлерінің еңбегінен бөле қаруға болмайтынын айтады. Шыңғыс ханды мұңғол, иа қазақ деп таласудың ғылыми негізі жоқ екенін алға тартқан. Бұл тарих ғылым тұрғысынан айтылған ғылыми пікір ғана.

Шыңғыс ханды қазақ деп біз кімді мойындатамыз. Өзіміз мойындадық десекте басқа ел мойындай ма. Әлем алдында күлкіге қалмаймыз ба? Шыңғыс ханды қазақ деу шынын айтқанда бұл тек қияли жеңімпаздық ғана. Бұндай жеңімпаздық рухани мәңгірттікке апарар жол. Шыңғыс ханды қазақ қылғаннан гөрі Кене сары ханның басын елге әкелу қазақ қоғамына өте қажет.

Тілеуберді қытай ақыны Ли Байды қазақ дейді. Бұл тартыс әлде қашан Әлімғазының күрескерлігі мен жауабын толық тапқан, барша қоғам мойындатылған шаруа. «Ли Бай қазақ емес» деген 16.3 баса табақтан тұратын кітап осы даудың негізінде өмірге келген. Сол кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев  баспасөз басшыларының басын қосып, жиналыс жасап: «Бұдан былай Ли Бай тақырыбына  ешқашан, ешқандай материал жарияланбайтын болсын. Бұл еліміздің абыройы мен аумақтық тұтастығына зиян келтіретін аса қатерлі үгіт-насихатқа жол ашады. Ли Бай қытайдың ұлы ақыны, оның бізге еш қатысы жоқ екенін тарихшылар жетерліктей дәлелді» деп нүктесін қойды.

Ал Тілеубердінің тағы да Ли Бай тақырбын қозғауы оның еш ішіндегі және сыртындағы гео саяси жағдайды мүлде білмейтін саяси сауатсыздығы.

Ғылымда фактке құрмет қылмайтын құр кеуделік ұят. Шыңғыс хан қазақ дегенге желпінген қазақ қоғамын көрмедік, естімедік. Бұлай дауласу бізге неге керек?  Оданда техноград ұлт болуға ұмтылсақ шіркін. Бүгінгі қазақ қоғамы қазақтардың кеше кім болғанынан гөрі бүгін кімбіз, не істеп жүрміз, ертең кім боламыз дегенге баса назар аударатын кез. Ақын, жазушы, әншілердің барлық адам оқуға, тыңдауға шамасы жетеді. Алайда ғылыми шығармаларды оқитын адам аз. Өйткені оған жеткілікті деңгейде білім, қызығушылық қажет. Бүгінгі күні қазақ қоғамында ақын, жазушы, әнші көп алайда нарық экономикасында бәсекеге қабылеттілікті қалыптастыру үшін ғылымға, кәсіпке бет бұру керекпіз. Деседе аты шықпаса жер өртеуге даяр, шамасы келмеседе ғылымға лап қойған жазармандар елді бүлдіреді. Қашан болсада, қай жерде болса да ат шығарудың кәнігі тәсілі айғай-шу шығарып пияр жасау.

Әбенай ұлының мақаласында: Осынау түпнұсқалық, энциклопедиялық құжаттардың барлығында Шыңғысханның арғы түбі Оғыз ханнан таратылады. Түпнұсқа тарихи құжаттар Шыңғысханды – түрік перзенті, оғыз түріктерінің ұрпағы және мұсылман деп атап көрсетеді. Нақтылы айтқанда, Оғыз ханға Аллаға иман келтіру туралы аян түседі де, оны әкесіне білдірмеу үшін бір бөлім түріктерді бастап жеке кетеді. Әкесі Қара хан ұлын өз дінінде ұстап қалу мақсатымен қалған түрік қосынын бастап оған қарсы соғыс ашады. Сөйтіп бұл барыс жетпіс жылға созылған екен. Нәтижесінде Оғыз ханға ұйығандар – Шу мен Бұхараның арасын мекендеген түріктер «ҰЙҒҰР» (ұйғұр), ал одан шығысқа, Моғолстанға қарай маңып (ауып) кеткен түріктер «МАҢҒҰЛ» деп аталады. Алайда «маңғұл» деген сөздегі «ـَ» (фатха, а) харакаты қата түрде «ـُ» (дамма, ұ) болып оқыла беретін болған. Сол себепті ол атаудың емлесі, орфографиясы ресми жарлыққа сай «моғол» деп өзгертіледі. Өйткені түрік тілінде «мұң» жаман мағна,  «қайғы» деген ұғым бергендіктен, адамдар ол сөзден қашқан.

Оғыз хан туралы ғаламтор бетіндегі және ойдан ойдырта бір жақтылы пікірді алға тартады. Шын мәнінде Оғыз қаған туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Кейбіреулер оны аңызда ғана өмір сүрген адам десе, енді кейбіреулер оны Ұлы Ғұн қағаны Маудүн, яғни Мөде яки Мете деп есептейді. Қытай деректерінде Маудүн деп жазып Ғұндардың көсемі де көрсетеді.  Тағы бір аңыздарда түріктер өздерін Озған пайғамбардың үмбетіміз деп танытады. Мәшхүр Жүсіп Озған дегендері Оғыз хан екен ғой деп топшылайды. Қысқасы, Оғыз Қаған түріктердің атасы болып саналады. Содан болар «оғыз» атауы сол Оғыз Қағаннан тараған бүкіл түркі халықтарын қамтиды. Орхон тас жазбаларында оғыз атымен түрік аты кейде қатарласып, тіркесіп келеді, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал енді кейбір ғалымдар Құран Кәрімде өтетін Зүлқарнайнды Оғыз қаған болуы мүмкін деген пікір айтады. https://www.trt.net.tr/kazakh/bag-darlamalar/2016/02/20/og-yz-k-ag-an-435862

Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғу» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналға» беріліп отырған. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерінің сюбашиы» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылық та қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-  балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. https://kk.wikipedia.org/wiki 

Демек Оғыз даулы тақырып. Оғыз хан туралы пікір сан алуан, зерттеушілер түрлі тұжырымдар жасайды. Егер ғылыми тұжырым жасау керек болса сол сан түрлі пікірлерді алға тарта отырып, тарихи фактілерге жүгініп, ғылыми әдістемемен талдау жүргізіп, өз тұжырымын сол деректердің негізінде жасау керек. (оның өзін ғалым тек көз қарасы ретіде ұсына алады). Тілеуберді де оның бірі жоқ.  Даулы тақырыпты даулы тақырыппен дәлелдегісі келеді. «Албания Албандардың жері» деген сияқты ойдан логика жасауға әуес. Қытай тіліндегі жалғыз кітаптың аудармасын немесе жиһанкездердің сапар естелігін алға тартады бұл ғылыми тұжырым болмайды. Мұңғол атауы туралы да ой жота тұжырым береді. Филогия ғылымында сөз жасам тәсілінің өз алдында ғылыми әдістемесі бар.

Ғылымға ғылыми пікірталас ауадай қажет. Өкініштісі біздің қазақ қоғамы әліде ғылыми  пікірталас мәдениетін қалыптастыра алмадық.

Қалайда болмасын менің айтпағым  бүгінгі қазақ қоғамына даңғаза ұлтшылдық керек емес.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шыңғысхан қазақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір