• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:53:11
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды және Ақмола облыстарын газбен қамтамасыз ету мерзімінің кешіктіріліп жатқанын, әкімдіктердің салғырттығынан тұрғын үйлерді газбен қамту мерзімі кейінге шегерілгенін іс айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте сұйытылған газ жеткізуші кәсіпорын Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды. 

– Жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталғанына қарамастан, кәсіпорын жұмысында әлі де іркілістер бар. Нәтижесінде, мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша өндіріс көлемі кеміп, соның ішінде, сұйытылған газ  азайып кетті. Бұл жанармай құю станцияларындағы тапшылыққа және бағаның шарықтауына алып келді. Қазіргі уақытта аталған процесс жабық  әрі түсініксіз жағдайда іске асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына алып келеді, – деді  Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше ел бойынша газдандыру деңгейі 53 пайыздан асты. Алты өңір 90 пайыздан астам көлемде газбен қамтамасыз етілген. Бұл ретте елорда, Қарағанды және Ақмола облыстарын газбен қамтамасыз ету мерзімі кешіктіріліп жатыр. 

– Әкімдіктердің салғырттығынан тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз етудің белгіленген мерзімдері кейінге шегерілуде. Сондықтан үкіметке нақты мерзімін, индикаторлар мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, аталған өңірлерді газбен қамтамасыз ету жоспарын жандандыруды тапсырамын, – деді президент.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір