• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:13:04
Алматы
+35°

Биыл Алматы колледждеріне оқуға түсу талаптарына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Әсет Мұханбетов хабарлады.

Мұндағы жаңалық – емтихандардың болмауы. Тек мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық, медициналық пен шығармашылық мамандықтарына түсушілер арнайы емтихан тапсырады.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс талапкердің таңдауы бойынша колледждерге нақты қабылдау нәтижелері бойынша орналасады.

– Мемлекеттік тапсырыс белгілі бір ұпай жинаған және бәсекеге қабілетті колледждерге беріледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша орын алғысы келетін талапкерлер тізімге енген колледждерді ғана таңдай алады, – деді Әсет Мұханбетов.

Былтыр колледждер қабылдау емтихандарын өз бетінше өткізген болса, енді бәсекелестік орташа ұпай бойынша автоматты режимде өткізіледі.

Демек ЖОО-на түсу үшін медициналық, педагогикалық пен шығармашылық мамандықтардан басқа ҰБТ сертификаты талап етілмейді.

Сонымен қатар ол бұл шаралар мемлекеттік тапсырысты қабылдау мен орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, колледждер арасындағы бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Барлық мектеп түлектері білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі бар. Нәтижесінде талапкер белгілі бір мамандықты алуға ұсыныстар алады, ұсынылған мамандықтардың карталарымен танысады.

Кәсіби диагностика қорытындысы бойынша талапкер 4 мамандық пен 4 колледж таңдай алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір