• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:07:39
Алматы
+35°

Ақтөбе облысы Қобда-Ойыл тасжолындағы жол апатынан зардап шеккен мектеп директорларының жағдайы белгілі болды. Бұл туралы diapazon.kz сайты хабарлады.

– 45 жастағы әйел басынан жарақат алып, миы зақымданған. Самай сүйегі, бұғанасы мен қабырғасы сынған. Жырылған жарасы бар. Екінші әйел де 45 жаста. Оның миы шайқалып, бұғанасы сынған. Оларды Ақтөбе қаласына ауыстыру жоспарланып отыр, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері.

19 маусым күні Қобда-Ойыл тас жолында ірі жол апаты болған. Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева мен №33 мектеп директоры Альмира Орақова және көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір