• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:14:21
Алматы
+35°

2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 5 пайызға артады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, жыл соңына дейін 1,2 млн халық жұмыспен қамтылады. 

– 2021 жылдың қорытындысы бойынша үкімет алдында экономика өсімін 3,5-4,0% деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр. Бұл халықтың нақты табысын 5%-ға арттыруға мүмкіндік береді,– деді Мамин. 

Сонымен қатар үкімет алдында 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыру, 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол салу және жөндеу,  қаладағы халықты ауыз сумен 98 пайызға және ауылды 91,8 пайызға қамтамасыз ету жоспары тұр.

– Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін пайдалану үшін 1050 шақырым каналды жөндеу жоспарланып отыр, бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті премьер-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір