• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:57:51
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты тұрғындарға үндеу жасады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Біз әлі де "қызыл" аймақтамыз. Күнделікті COVID-2019 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталады. Бір жағынан, бұл ПТР тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан, оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Ashyq жобасы арқылы карантин талаптарының өрескел бұзылғанын көріп отырмыз. Өзін-өзі оқшаулауы тиіс (байланыста болған, жұқтырған) азаматтар бар, бірақ олар адам көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Осылайша, коронавирустың таралуына әсер етіп жатыр. Мұндай адамгершілікке жатпайтын бұзушылықтарды тоқтатып, жолын кесеміз, – деді әкім.

Көлгінов қала тұрғындарын сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырды.

– Медициналық рұқсаты жоқ және әлі вакцинацияланбаған адамдар отпен ойнап жүргенін білмейді: олар ерте ме, кеш пе жеңіледі. Бұл ретте өз денсаулығын ғана емес, туыстарына, жақындарына және қоршаған ортаға қауіп төндіреді.

Былтыр, яғни жағдай бұдан да ауыр кезде санитарлық нормаларды сақтаудан басқа амалымыз болмаған еді, ал 2021 жылдың басынан бастап вакцинация басталды. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде, сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін СОО, СҮ және адам көп жиналатын басқа да орындарда ашылды. Вакцинация бәріне тегін жүргізіледі, – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта стационарларда 1000-ға жуық адам ем алуда. Төсек орындарының жүктемесі қазірдің өзінде 50%-ды құрайды.

– Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Сонымен қатар, күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз, – деді Алтай Көлгінов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір