• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:08:17
Алматы
+35°

Қазақстанда соңғы екі аптада жол апатынан 88 адам қаза тапты. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.  

Министрлік өкілі жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың арасында 8 кәмелетке толмаған бала барын айтты.  

– Еңбек демалысы кезеңі келісімен автокөлік қозғалысының жиілігі өсіп отыр. Соның әсерінен көліктен келетін қауіп-қатер артты. Кейінгі 2 аптада 428 жол-көлік оқиғасы кезінде 88 адам көз жұмып, тағы 505 адам жарақат алды. Оның ішінде 92 көлік апатында кәмелет жасына толмаған 8 бала қайтыс болып, 102-сі зардап шекті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі жаяу жүргіншілер ,– деді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы жол апаттарының негізгі себебі болып отыр 

– Қала сыртындағы жолдарда болатын апаттардың кісі өлімі көрсеткіші жоғары. Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтамай және қарсы бағытпен жүруі себеп. Ал елді-мекен аумақтарын жаяу жүргінші жолағын кесіп және жылдамдықты арттыру дерегі жиі тіркеледі, – деді Н. Ораз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір