• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:49:49
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  Astana TV арнасына берген сұхбатында биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгеріс туралы айтты.

– Біріншіден, биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу 7 немесе 10 күн емес, енді кем дегенде 2 ай өтеді.  Екіншіден, балалар қашан, қалай, қай пунктте тапсыратынын өздері анықтайды. Яғни балалар өздері сайтты ашып, қай уақыт ыңғайлы және қай уақытта түскісі келеді, қай қалада тапсырғысы келетінін өздері шешеді. Бұл электронды форматта болғаннан кейін балалар көп уақытын үнемдейді. Мұның алдында балалардың көп уақыты тест жауабын бояуға кететін, тағы оны дұрыс боямай қойса қате деп есептеліп, баллы азайып қалатын. Осындай көп тәуекелдер болды. Бірақ бұл мәселе де шешіліп жатыр, – деді министр.

Сонымен қатар ол онлайн ҰБТ тапсырған әр түлекке бөлек компьютер берілетінін және оларға жеке-жеке бейнекамера орнатылғанын атап өтті.

– Мұнда оқушылардың көшіріп алуына, басқа да келеңсіз жағдайларға баруына ешқандай мүмкіндік жоқ. Тағы да өте маңызды мәселе – бұның алдында тек бір рет  тапсыру мүмкіндігі болса, енді екі рет тапсыруға мүмкіндік бар. Яғни мамыр айының басында бір рет тапсырып 100 балл алса немесе оқушы "психологиялық тұрғыда дұрыс болмадым, кішкене сасқалақтадым" деген сынды аргументтер айтса, екінші рет тапсыруға мүмкіндігі бар. Екі рет тапсырып қай нәтижесі ұнайды, сол бойынша грантқа конкурсқа тапсыра алады. Бұл – біз үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің әділ, ашық өтуіне үлкен септігін тигізеді, – деп сөзін түйіндеді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов алдағы оқу жылы қандай форматта болатынын айтты

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір