• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:45:32
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.
«Ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету – мемлекет басшысы үнемі айтып отыратын басым міндеттердің бірі. Бүгінде облыс орталықтандырылған сумен қамту жағынан Қазақстан бойынша өңірлер арасында үздік бестіктің қатарында. Көрсеткіш 96,2%-ды құрайды. Биыл құны 8,4 млрд. теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 97,3%-н орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», - деді О.Оразалин.
Қазіргі кезде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде 14 ауылдың тұрғындары үшін көгілдір отын қол жетімді болады, бұл тұрғындардың газбен қамтылуын 92,6% -ға дейін арттырады.gaz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: газ Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір