• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:45:24
Алматы
+12°

Фото: төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында жоғалған тағы бір туристің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметіне сай, 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан.

Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағы оқиға орнына бара жатқаны, сараптама жасау үшін мәйіт полицияға тапсырылатыны хабарланды.

"Жоғалған туристерді іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды" делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні сағат 18:30-да "112" пультіне Түркістан облысында тауда 7 туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 3 турист отбасымен аман-есен қауышса, 3 адамның денесі табылған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір