• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:53:26
Алматы
+35°

Қазақстанда карантин шектеулері күшейтіледі. Тиісті шешімді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарды.

Бүгін премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында "Дельта" (Үнді) штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия бас санитар дәрігері карантин режимі бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

  • COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне ірі ұйымдасқан ұжымдарға (өнеркәсіптік кәсіпорындар) жұмысқа кіруге шектеу енгізу;

  • КВИ-ға қарсы вакцина салдырудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу);

  • "Ashyq" жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу);
  • "Ashyq" жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.


Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин режимін күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты. Оған сай төмендегідей шаралар қабылданады.

  • Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан) жұмыс күндері шектеу, сағат 17:00-ге дейін істеуге рұхсат. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салу.

  • Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысына сағат 7.00-20.00 аралығында рұхсат беру, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында жұмыс істей алады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда");
  • Жабық азық-түліктік емес базарларға демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері қызметін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жалғастыруға мүмкіндік беру (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің орналасуына қарамастан);
  • санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.)

Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, "Дельта" штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылғы 28 маусымға дейін резервтік қорлардағы төсек қорына, кадрлық қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмектердің жеткіліктілігіне тексеру жүргізу тапсырылды.

Премьер-министрдің орынбасары халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір