• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:38:55
Алматы
+35°

Биыл Yessenov University теңіз академиясы өзінің тұғыш түлектеріне диплом табыстамақ.

Университет теңіз мамандарын даярлау бағыты бойынша мемлекеттік инвестициялық жобамен 15 өңірлік жоғары оқу орындары-академиялық артықшылық орталықтарының бағдарламасына енді.

 

Бұл жоба университеттің сала бойынша ғылыми тартылыс орталығына айналуға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының «IMO - Халықаралық теңіз ұйымының ақ тізіміне» енуіне ықпал етеді.

Жобаның тікелей нәтижесі теңізшілерді даярлау, дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияның (ПДМНВ 78/95 және одан әрі Манила түзетуімен) талаптарына сәйкес сертификатталған білікті кадрларды даярлау жөніндегі теңіз академиясын жаңғырту және трансформациялау негізінде Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми-білім беру орталығын құру болмақ. Бұл Қазақстан азаматтарының кемелер экипаждарындағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені сол кезде Қазақстан Республикасы берген дипломдарды халықаралық теңіз ұйымының конвенциясына қосылған басқа елдер де мойындайтын болады.

Аталған жоба шеңберінде құрылатын Ғылыми-білім беру орталығының базасында жүзеге асырылатын зерттеулердің бағыты айқын: су индустриясына арналған жаңа технологиялар, су көлігін басқару және бақылау жүйесін оңтайландыру.

 

Бұдан басқа, ғылыми-білім беру орталығы кеме қатынасы компанияларына, порттарға, білім беру және оқу орталықтарына су көлігінің жоғары білікті кадрларын даярлау бойынша қызметтер көрсететін болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Yessenov University

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір