• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:00:24
Алматы
+35°

Ресейлік "Яндекс" компаниясы қазақстандық "G-Taxi" компанияның патентін бұзғаны туралы 19 мамырда сот шешімі шыққан болатын. Егер "Яндекс" үкімді өзгерте алмаса, онда ресейлік компания бұдан былай Қазақстанда жұмыс істей алмайды.

Бір қызығы, осы кезде қытайлық "Didi Chuxing" такси компаниясы Қазақстан нарығын жаулауға дайын тұр. "Didi Chuxing" пайдаланушылар саны бойынша әлемдегі ең ірі онлайн-көлік платформасы, жақын арада Қазақстанда жұмыс істей бастайды. "Қытайлық компанияның нарықты жаулап алатын әлеуеті бар" дейді Eurasianet.org басылымы.

Дегенмен "Яндекс" компаниясы сот үкімінің қытайлық компанияға қатысы бар, жоғы туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Қытай нарығында басым орында тұратын компания оннан астам елде, соның ішінде Ресейде белсенді жұмыс істейді. Ол өткен жылы Қазан қаласында жұмыс істей бастаған және қызметтерін басқа қалаларда да жылдам  қарқынмен ашып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Яндекс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір