• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:25:24
Алматы
+35°

Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігінің деңгейі төмен. Арнайы жүргізілген зерттеу 11,6 пайыз, жалпы базалық деңгей 77 пайызды көрсеткен.

– Осы жаз айында мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін артыру бойынша кесте құрып, тегін өтетін курстарды ұйымдастыру қажет. Сабақтардың барлығы жыл бойына қашықтан өткізілді, қаншама курстар болды. Соның өзінде мұғалімдердің деңгейі өте төмен, – деді министр.   

Аймағамбетов ұстаздардың  біліктілігін арттыру мақсатында екі бағытты қарастырып отырғанын атап өтті.

– Біріншісі – цифрлық, екіншісі – пәндік. Бұл сабақтар "Өрлеу", мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтарында, "А" синхронды форматта ақысыз өткізіледі. Курсты аяқтаған әр педагог базаға еніп, сертификат алады. Бұл жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет, – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетова үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр жоғары оқу орындарындағы арнайы факультеттер төмен деңгейде жұмыс істеп жатқанын да жеткізді. Ол факультеттен сабақ өтетін мұғалімдерінің біліктілігін көтеру қажетігін атап өтті. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асхат Аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір