• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:24:50
Алматы
+35°

Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселенің бірі Қазақ халқы үшін киелі саналатын Кенесары ханның сүйегін іздестіру және оны Қазақстанға қайтару тақырыбы болды.  Бұл туралы елбасы кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев мәлім етті.

"Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы процеске көмек көрсетуін сұрады. Елбасы қазақтың соңғы ханының сүйегі өзінің туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы қазақ халқы үшін аса маңызды мәселе екенін айрықша атап өтті. Владимир Владимирович Путин тұңғыш президентті Ресей тарапының бұл мәселеде жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің сөзіне қарағанда, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады" делінген Үкібаев хабарламасында.

Бұған дейін Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов Кенесары ханның бас сүйегі табылғанын айтып, халықтан сүйінші сұраған. Артынша, оның қайда екенін айта аймайтынын мәлім еткен. Ал тарих ғылымдарының докторы, академик Хангелді Әбжанов Қамшы порталына берген сұхбатта Қабылдинов мәлімдемесі асығыстық болғанын, мұндай мәселе мемлекет басшылар деңгейінде шешілуге тиіс екенін айтқан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір