• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:07:47
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы оппозицияны ұсынар ешнәрсесі жоқ деп сынады.

– Мен оппозияция дегендердің барлығынан бағдарламаларың қайда, Қазақстанды қайда апарасыңдар деп сұраймын. Егер олардың жобасы мен жасағаннан жақсы болса, күресейік. Бірақ нақты ұсыныс жоқ. Сіздер журналистер білесіздер ғой, кімнің не айтып жүргенін, – деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінің кезекті бөлімінде.  

Н.Назарбаев Қазақстан батыстағыдай демократия құрудың бастапқы қадамында тұр деген пікірде.

– Көппартиялы жүйе жоқ дейді. Партияға дейін өніп-өсу керек. Белгілі бір электорат болуы керек. Партия қолдан жасалмайды ғой. Біз демократияға келе жатырмыз. Бастысы –  тоқтамау керек. Біздің мақсат – батыстағыдай демократияға қол жеткізу. Ал біз әлі бастапқы жолдамыз. Мына жағымызда Қытай, мына жағымызда Ресей тұр. Оларың демократиясы поровоз алдына шығып кетті ме... Ал ол мемлекеттердің бізге ықпалы күшті. Қырғыздарды айтатын болсақ, осы 30 жылда не болды? Мен әр президентті қолдадым. Ақша, кредит ұсындық. Осы уақытта бірнерсе істей алды ма? Ештеңе жасалмады. Сондықтан экономика өмір тірегі, экономика адамдардың өмірі, қазақстандықтардың әл-ауқаты. Біз осыны жасап жатырмыз. Уақыт келеді. Бәрі болады. Біз әркез асығыстық танытамыз, – деді Н.Назарбаев.

Назарбаев оппозицияны "нақты ештеңе ұсынбайды", "келіссөз үстеліне отырмайды, мәселені талқыламайды" деп жиі сынайды. Ал оппозиция Назарбаев 30 жыл бойы құрған жүйені құлатуды көздейді. Мәселен, шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязов президент қызметін алып тастап, елді парламеттік республикаға айналдырғысы келеді. Ал жақында Қазақстанның жаңа конституциясының жобасын ұсынған Демократиялық партия бастамашыл тобы Қазақстанда президенттің сайлану мерзімін бірден асырмау туралы ұсыныс айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір