• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:01:45
Алматы
+12°

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында Демократиялық партия бастамашыл тобы және олардың жақтастары митингке шықты. Белсенділер "қымбатшылық пен Қытай экспанциясына" қарсылық білдіріп, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен толық кетуін талап етті.

Наразы топ енді жиналғанда Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімшілігінің қызметкері шараға рұхсат етілмегенін айтып, белсенділерді тарауға шақырды. Белсенділер бұған құлақ аспай, әкімшілік өкілін сөйлетпеді. Алаңға үлкені-кішісі, ер-әйел бар 50-ге жуық белсенді жиналғаны байқалады. Араларында арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі бір адам болды. Ал формадағы полицейлер мен полиция арнайы жасағанының саны наразы топтан бірнеше есе көп. 

Белсенділер алдымен спорт сарайының сол жағынан бастап Абай даңғылының бойымен шерулетпен болған. Алайда Байтұрсынов көшесін қиып, Абай даңғылымен жүруге әрекеттенгенде оларды арнайы жасақ алға жүргізбеді. Белсенділер Байтұрсынов көшесімен Сәтбаев көшесіне қарай бағыт алғанда арнайы жасақ алдын бөгеп, жан-жағынан қоршауға алды.

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

Артынша белсенділер тұрған – Абай мен Байтұрсынов қиылысына автобустар тізіліп қойылды.

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

Сырт жақтан қараған адамға алаңда не болып жатқаны көрінбейді. Ұзамай аумақта жаяу жүргіншілер жолы шектелді. Интернет байланысы мүлде істемейді.

♦Алматыдағы митинг кезінде белсенділердің соққыға жығылғаны хабарланды

Қоршаудағы белсенділер кезек-кезек сөз алып, рупормен талаптарын жеткізді.

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

Олар Қазақстанда Қытай экспанциясы агрессивті түрде жүріп жатқанын, Қазақстан аумағындағы Қытай инвесторлары өндіріс орындарында жергілікті халық құқығын таптап жатқанын айтты. Қытайлық компаниялардағы жергілікті жұмысшылардың жалақысы қытай мамандардан едәуір аз екенін, сондай-ақ жергілікті жұмысшылар тек қарапайым жұмысқа алынатынына наразылық танытты. Олардың сөзінше, Алматы – Өскемен автожолы құрылысында тер төгіп жүрген жергілікті жұмысшылар жалақысының азаюы сондай жағдайлардың бірі ғана.

Сондай-ақ белсенділер қымбатшылық халықты титықтатып жібергенін айтып, бағаның ырық бермей отырғанына билікті кінәлады. Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетін 6 шілде – Астана күнін "мереке деп санамаймыз", "6 шілде қасіретті күн", "Қазақстан монархияға айналып бара жатыр" деп мәлімдеді.

Наразы топ бірнеше мәрте қоршаудан шығуға әрекет жасағанымен, арнайы жасақтан өте алмады. Сондай әрекеттердің бірнешеуінде белсенділер мен арнайы жасақ қақтығысқа түсіп, белсенді Даная Калиева қолын, Ырысбек Тоқтасын аяғын жаралап алды.

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

Алаңда беттерін тұмшалап, видеоға түсіріп жүрген азаматтық киімдегі адамдар көп болды. Белсенділер оларды "арандатушылар", "қарабеттер" деп өздерінің маңына жоламауды талап етті. Алайда ол адамдар әрекеттерін жалғастыруын тоқтатпады. Сондай сәттердің бірінде белсенділер эмоцияға еріп беріп қолындағы бөтелкелерін, плакаттарын белгісіз адамдарға қарай сермеп, қақтығыса жаздады.

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

Наразы азаматтар "алаңға қирату, бүлдіру үшін емес, өз пікірін білдіру үшін шықтық" дейді. Арасында бұған дейін митингке шығуға оқталғанымен, ұялып жүргенін, осы жолы тәуекелге бас тігіп алаңға келгенін айтқан, "митингке шыққанына бола жұмыстан шығарса, шағарып жіберсін" деген белсенділер де болды. Олар "диктаторлық режим мәңгі тұрмайтынын" атап өтіп, азаматтарды ойын білдіру үшін алаңға келуден қорықпауға, қатарларына қосылуға үндеді.

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

06.07.2021. Алматыдағы митинг/Фото: Qamshy.kz

Меліс Сейдахметов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір