• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:28:53
Алматы
+35°
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында президент лауазымынан бас тарту туралы шешімі жайлы пікір білдірді, деп жазады nege.kz сайты.
 
– Сізді кетсеңіз де, әлі де биліктен алыстамады деп айтады. Қазірдің өзінде ел сіз экономикасына, қауіпсіздігіне, қорғанысына белсенді түрде араласады екенсіз, – деп сұрады Оливер Стоун. 

– Бұл туралы не үшін айтады... Бұл халыққа жақсы ма, әлде жаман ба, ол туралы не үшін ешкім ешнәрсе демейді? Егер мәселе елдің тұрақты дамуымен, абыройын көтерумен байланысты болса, неліктен айтпасқа? Не себепті әрбір мемлекетке өзіндік стилін, өз жүйесін қалыптастыруға болмайды? Мен үшін халқымның айтқаны маңызды. Мен лауазымымды беделім тасып тұрған кезде босаттым. 2015 жылы сайлауда мен 95% дауысқа ие болдым. Әрине, қазіргі уақыт үшін бұл сандар өте жоғары, адам сенгісіз. Бірақ олар мені өмір бойы президент ретінде қалдырғысы келді. Бірақ мен онымен келіспедім, –дейді Назарбаев. 

Айтуынша, Назарбаевқа "өмір бойы билік ет" дегендер болған. 

– Мен мүлдем биліктен алыстап кеткім келді. Бірақ маған өмір бойына қалыңыз деді. Мен оларға "жоқ мен қалмаймын, сайлау өткізейік, Қауіпсіздік кеңесі мен саяси партияда боламын" деп айттым. Осылай келістік. Конституциялық заң қабылдадық. Біздің парламент, біздің конституция, біздің заңдар бойынша менің статусым анықталады. Мемлекетті қазіргі президент басқарады, мен араласпаймын. Мен оған кедергі болмаймын. Керісінше, қажет болған жағдайда оған ақыл-кеңесімді айтып отырамын. Билік президенттің қолында. Оның құзыреті конституцияда жазылған», – деді Елбасы. 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді 30 жылға жуық басқарып, 2019 жылғы 19 наурызда өз еркімен өкілеттігін тоқтатқан. Дегенмен ол үлкен сяясаттан толық кеткен жоқ. Н.Назарбаев бүгінде Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесіне, "Nur Otan" партиясына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңеске, Назарбаев университеті, зияткерлік мектебі және қордың Жоғары қамқоршылық кеңесіне төрағалық етеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір