07 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз айына дейін түлектердің ҰБТ тапсыру кезіндегі бейнежазбасы тексерілетінін айтты. Ол бұл туралы министрліктің аппарат жиналысында мәлімдеді.
– Биыл ҰБТ-ға 145 мыңнан астам талапкер қатысты. Олар ҰБТ-ны екі мәрте тапсыруға мүмкіндік алды. Менің ойымша биыл бұрын соңды болмаған қолайлы жағдай жасалды. Балаларға ыңғайлы формат болды. Енді тамыз айына дейін барлық камералар бойынша, зерделеу жасау керек. Егерде тәуекелдер байқалса, онда тиісті шешім қабылдауымыз керек. Өткен жылы мұндай жұмысты алғаш рет жүргізген едік. Сонда біз бекітілген талаптарға сәйкес өзін ұстамаған, ережелерді бұзған біраз талапкердің нәтижесін жойдық, – деді министр.
Аймағанбетов қандай оқушылардың бейнежазбасы бөлек қаралатынын атап өтті.
– Мысалы биыл наурызда түлектер сынама тест тапсырды. Сол сынама тестілеудің баллы мен ҰБТ баллы арасында 20 баллдан көп ауытқу болса, онда осындай ауытқу бар барлық баланың бейнежазбасын бөлек қараймыз. Үлкен зерттеу өткіземіз.
Сонымен қоса биыл ҰБТ-ға оқушыларды дайындауға мұғалімдер қатыспады. Бұрын кезекші ету үшін 3 мыңнан астам мұғалімді елдің түкпір-түкпіріне жеберетінбіз. Олардың қонақ үйлеріне қаржы кететін. Биыл осы 3 мың ұстаз ешқайда жіберілмеді. ҰБТ тапсыратын орталықтардың жергілікті филиалдарын да азайту қажет. Тек қана ең маңызды орталықтар жұмыс істейтін болады. Электрондық форматка көшкеннен кейін мұндай қажеттілік жоқ, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір