08 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Ақтөбеде осыдан өрт ай бұрын 9-сыныптың төрт оқушысы 7 жасар балаға қысым көрсетіп, мектеп ішіндегі дәретханада зорлаған. Бұл туралы Еуразия арнасына зәбір көрген баланың әжесі хабарлаған.
Жәбірленуші тарап тергеу дұрыс жүргізілгеніне күмәнданып, баласын қорлағандар жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды.
– "Туалетте қолымды бұрады, құлағымды бұрады, тепті, басымнан итеріп құлатты, ұрды" деді. Үйге келіп баламды суға түсірейін десем, денесін ұстатпайды, еш жерін жуғызбайды. "Жоқ, жоқ, больно" деп. Содан саған не істеді десем сол кезде "маған сондай әрекет жасады" деп айтты. "Мектептің туалетінде төрт бала тиісті, біреуі охранада тұрды" дейді, – оқушының әжесі.
Жеті жастағы оқушы "қорқам, апай күтіп алсын" деп мектепке барғысы келмейтінін анасына да айтқан. Бірақ, анасы оны балалығы болар деп мән бермеген. Әжесі мектептегі ұстаздары, директор кешігіп келген баладан неге мән-жайды анықтамаған деп отыр. Айтуынша, дәл сол күні барлық бейнекамера істеп тұрғанда, дәретханаға кіре-берістегісі істен шығып қалған.
– Именно "зачинщик" бала ұйымдастырып, "мы такой план строили, тебя по-тихоньку пранканем, твоя мама не узнает, это все нормально, да это не страшно" деп, сөйтіп баламды ұрып-соғып, зорлаған именно сол қызыл курткадағы бала қазір бостандықта жүр. Бұл бала екі ай бойы тергелген жоқ. Енді барып тергеушіден сұрасам, бұл бала әкесімен басқа жаққа кетіп қалды, енді келгесін тергеледі дейді. Ол қашан келеді?, – жәбірленушінің әжесі.
Облыстық полиция департаменті №3 қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Рафаэль Жанұзақов аталған дерек бойынша жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық тергеу әрекеттері аяқталған соң, сонымен қатар сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады..
Болған жайттан кейін баланың психикасы бұзылған. Бала 2 ай психолог бақылауында болып, 1 апта ауруханада жатып шыққан. Дәрігерлер оның денсаулығында кінәрат бар екенін айтқан. Әлі дәрі-дәрмек ішіп жүр. Немеремнің балалық шағын ұрлады деп жылаған ана Президенттен араша сұрайды! Тергеушіні Елордадан жіберіп, істі тікелей бақылауына алса дейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір