• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:35:49
Алматы
+35°

25 жастағы Шакила Зарин сөзі мен беті арқылы ауған әйелдері құқығының өкілі болғысы келетінін айтады. Ол ерте тұрмысқа шығып, күйеуінен қорлық көрген. Ақырында күйеуі тапаншамен бетінен атып, 22 отадан кейін зорға аман қалған. Алған жарақатының салдарынан бүгінде сол жақ беті қисайып кеткен.

Шакила Зарин Ауғанстанның солтүстігіндегі Баглан провинциясында туған. Ол өткен өмірін қатты қиналыспен еске алады. Балалық шағы ауыр болған. Бала секілді ойнап күлген кезі есінде жоқ. Кішкентайынан ағалары, жездесі үнемі таяқтаса, тұрмысқа шыққан соң күйеуі ұдайы қол көтерген.

17 жасында күштеп өзінен жасы үлкен ер адамға тұрмысқа шығарылған. Келін болып түсе салысымен күйеуі ұратынын меңзеп "сен осыған лайықсың" деп қолдан жасалған қамшыны көрсеткен. Шакила Зариннің "біздің қандай кінаміз бар, бізді неге ұрады" дегеніне күйеуі "әйелдер қалай ғана бізге қарсы шығып, сөйлейтін болған" деп ашуланған.

Бірде Шакила Зариннің полиция учаскесіне барғанын біліп қойған күйеуі оны бетінен тапаншамен атқан. Шакила Зарин 22 ота жасатып, айлап ауруханада жатады. Ол бұл сұмдықтың бәрі түс екен деп ойлап, тезірек бітуін тілейді. Бірақ аурухана төсегінде оянғанда анасының жылап отырғанын көріп, мұның бәрі түс еместігін түсінген. "Бұл менің өмірімнің бір бөлігі" еді дейді ол.

Басынан өткен жағдайға қарамастан Шакила Зарин өзін жолы болған адам деп санайды. Ол Ауғанстандағы әйелдер өте қиын жағдайда өмір сүріп отырғанын, өзінің сөздері мен алған жарақатынан кейін қисайған беті арқылы ауған әйелдерінің құқығына өкілдік етіп, оларды қорғағысы келетінін жеткізеді.

Шакила Зарин қазір Канадада тұрып жатыр.

Ауғанстан әйелден құқығы сақталмайтын елдер қатарына жатады. Былтыр әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың 3500 ресми дерегі расталған. Белгілі емесі қаншама... Елдегі қауіпсіздік жағдайы нашарлаған сайын мұндай деректер артуы ықтимал деген қауіп басым.

Дереккөз: BBC

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір