• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:51:13
Алматы
+35°

Ауғанстанда жұмыс істейтін ресейлік дипломаттар қауіпсіздік мақсатында Өзбекстанға көшірілді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Замир Кабулов. Бұл туралы Tashkent Times сайты хабарлады.

Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Ауғанстандағы жағдайдың алаңдаушылық туғызатынын айтты.

– Біз болжаған дүниелер орындалып жатыр, – деді Кабулов.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресей Ауғанстандағы бейбітшілікті реттеу туралы мәскеулік форматта кездесу өткізу мүмкіндігіне сұраныс болса, ауған тараптары арасында диалог алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы осы жылдың сәуір айында АҚШ әскерлері елден шыға бастағаннан кейін айтарлықтай нашарлаған. Ауғанстан АҚШ-тан бөлек НАТО-ның құрамындағы өзге елдер де  шығып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір