• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:15:35
Алматы
+35°
Қытайдың Цзянсу провинциясы Сучжоу қаласындағы Siji Kaiyuan қонақүйі опырылып түсуі салдарынан 17 адам қаза тапты, деп жазады bbc.

Жергілікті Global Time басылымы алғашқы зерттеу нәтижелері апатқа ғимарат құрылымының өзгеруі себеп болғанын көрсеткенін хабарлады. Соңғы жылдары ғимаратта жөндеу жұмыстары жиі болған.

– Бұрын ғимарат 3 қабаттан тұратын. Бірақ кейінірек қосымша қабаттар қосылды, – деген тұрғындардың бірі Red Star News агенттігіне.

Цзянсу провинциясының билігі апат себебі анықталып жатқанын, жауапты адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті.

Қонақүй дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 15:33-те опырылған. Бастапқыда 54 номерден тұратын қонақүйде 18 адам болғаны хабарланған, алайда артынша іште тіркелмеген 5 қонақ болғаны анықталды. Апаттан 6 адам аман қалды.

Вид с воздуха на спасателей, ищущих людей, попавших в ловушку в обломках разрушенного отеля, 13 июля 2021 года в Сучжоу.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір