• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:11:22
Алматы
+35°

Ресейде бір тәулікте 786 адам қайтыс болып, коронавирус эпидемиясы басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш тіркелді. Өлім-жітімнің жалпы саны 145 мыңнан асты. Бұл туралы ресейлік РБК ақпараттық сайты хабарлады.

Ресейлік коронавирус инфекциясын бақылау орталығы жасаған мәлімдемеге сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде елде коронавируспен ауырғандар саны 23 827-ге артып, 5 857 000-ге, ал аурудан сауыққандар саны 5 257 483-ке жеткен.

Коронавирустың алғашқы жағдайы Ресейде 2020 жылғы 31 қаңтарда анықталған. Ал вирустан алғашқы өлім 2020 жылғы 19 наурызда тіркелген. Ресейде жаппай вакцинациялау процедурасы 18 қаңтарда басталды.

Халық тығыз қоныстанған Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында мемлекеттік қызметте істейтіндер коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге міндеттелген. Мәскеуде 1 шілдеден бастап коронавирусқа  қарсы "қайта" вакцинациялау процесі басталды. Ресейде халыққа екі дозалы "Спутник V" және бір реттік "Спутник Light" дозасы егуіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір