• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:04:34
Алматы
+35°

Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар қажы Дербісәлі қайтыс болды.

Бірер күн бұрын оның қатты сырқаттанып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.

Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.

1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмәмдаған.

1970-1975 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды.

1975-1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өткен.

1976-1977 жылдары ҚР ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған.

1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі, 1986-1988 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты, 1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 жылдары Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, 1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші қызметтерін атқарған.

2000-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір