• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:38:21
Алматы
+35°

"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар екі жылдан кейін қайтыс болады" деген қауесетке Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директорының орынбасары Манар Смағұл жауап берді.

Манар Смағұл халықты ел арасындағы қауесеттерге сенбеуге шақырып, әр адам ресми ақпаратты қолданып шешім қабылдау керектін айтты.

– Қазір адамдарға жалған ақпарат беріліп жатыр. Вакцинаны денсаулық сақтау саласында бірнеше жылдан бері қолданып келеміз. Өздеріңіз білейтіндей жаңадан туған балаларға, қызылша, қызамық пневмококк (дене қызуының артуы, әлсіздік, дене ауруы, мұрын-ауыз қуысындағы жағымсыз сезінулер, бас ауруы – ред.) жұқпасына қарсы вакцина салынып жүр. Олардың тиімділігі бүгінде дәлелденген.

Ал коронавирусқа қарсы вакцинаға тоқталсақ, былтыр желтоқсаннан өзге елдерде екпені қолдану басталды. Екі жылдан кейін өлім-жітім болады деген "жалған" ақпарат, – деп жауап берді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сенсек, 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4 705 675 адам, екінші компонентін 2 597 505 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Вакцина Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір