• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:53:19
Алматы
+35°

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесі былтырғыдай онлайн-режимде өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

– Биылғы 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, "сары", "жасыл" аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен, "қызыл" аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда, Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитар дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады. Жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз, – деді Бас мүфти.

Бас мүфтидің айтуынша, құрбандыққа шалынатын мал арнайы қасапханада сойылады. Құрбан шалу кезінде қасапханаларда санитарлық ережелер қатаң сақталуы тиіс.

– Санитарлық ережелерді қатаң сақтауды, мешіт айналасында тұрақтамауды сұраймыз. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар былтырғыдай www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалуға болады, – деді Наруызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти ауылдық жерлерде құрбандық шалатындарға ешқандай шектеу жоғын атап өтті.

Биыл Құрбан айт мейрамы 20, 21, 22 шілде күні тойланады. Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мейрамын онлайн режимде өткізуді ұсынған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір