• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:44:00
Алматы
+35°

Шымкенттегі мейрамхана қызметкерлері қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына наразылық білдіріп, видео түсірді. Видеоны aibat_news әлеуметтік парақшасы жариялады.

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, тамақтану орындары кешкі сағат 8-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Шешім шыққан бірінші күні көптеген мейрамханалар келушілердің аздығына байланысты шығынға батқандарын айтады. Тіпті кейбір тамақтану орындары жабылуға мәжбүр болған. Жүздеген аспаздар мен даяшылар ақысыз демалысқа жіберілген. 

– Мен күніне 200 мың теңге шығынға батамын. Менің қарызымды кім жабады? Тастауға тура келетін азық-түліктер бар, өйткені олар бүлінеді. Қызметкерлердің жалақысы, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар бар, – деді "Премиум-класс" мейрамханасының басқарушысы Айгүл Телеубаева.

– Бір тамақтану орнын жабу маған орташа есеппен 1,5-3 миллион теңге шығын алып келеді. Мен олардың үшеуін жаптым. Оларды жаңа тәсілмен іске қосу үшін тағы осындай сомада ақша керек, – деді мейрамханалар желісінің басқарушысы Юлия Куриленко. 

Қиындықтарға байланысты кәсіпкерлер, мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетуді және оларды біраз уақытқа салық төлеуден босатуды немесе бұйрықты өзгертуді және түн ортасына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрайды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @aibat_news

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір