• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:44:30
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлады.

Кездесу барысында көшбасшылар Германия-Ресей құбыр желісі, Ауғанстаннан шығу процесі, Covid-19 эпидемиясы және ғаламдық жылыну мәселелерін талқылады.

Байден Германияда табиғи апаттан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, Меркельді алғашқы әйел канцлер болғаны үшін және билікте ұзақ уақыт отырғанымен  құттықтады.

Байден екі елдің энергетика және қоршаған орта саласында ынтымақтастық жасайтынын мәлімдеді. Көшбасшылар Германия мен Ресей арасында салынатын "Солтүстік құбыр-2" жобасында "Ресейдің энергия ресурстарын қару ретінде пайдалануына жол бермеу" туралы келісім жасады.

Байден Ауғанстандағы АҚШ әскерлеріне қолдау көрсетіп жүрген неміс күштеріне де алғысын білдірді.

– Біздің террористерге қарсы ынтымақтастығымыз жалғасады, – деді Джо Байден.

Екі көшбасшы көптеген мәселелер бойынша ортақ көзқарастарының бар екенін айта келе, Қытайдағы адам құқықтарына деген көзқарасымен келіспейтінін мәлім етті.

Меркель президенттік қызметті қабылдағаннан кейін Байденге барған алғашқы еуропалық көшбасшы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Германия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір