• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:33:21
Алматы
+35°

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады. Әсіресе қой етінің бағасы едәуір өскен.  Бұл туралы Energyprom.kz сараптама порталы хабарлады.    

2021 жылы маусымда елдегі базарлар мен дүкендерде қой етінің келісі 2,3 мың теңгеден сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға қымбат. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, онда еттің бір келісі  2,9 мың теңге, ал Қарағандыда 2,6 мың теңгеден сатылуда. Ең төменгі баға  Орал мен Петропавлда, онда еттің келісі 1,7 мың теңге. 

Қазіргі уақытта ұсақ малдың аналық тұқымын экспорттауға тыйым салынған. Бүгінде Қазақстанда жылына 172,4 мың тонна қой еті өндіріледі. Ішкі нарықтың сұранысы 100,7 пайызға қамтылған. 2021 жылдың төрт айында 538 тонна қой еті, БАӘ, Өзбекстан, Бахрейн және Ресей Федерациясына экспортталған. 

Бүгінде үкімет, қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмазбек Садырбаевтың ірі, ұсақ мал экспортына толық тыйым салу туралы ұсынысын қарастырып жатыр. Ішкі нарықта қой етінің қымбаттауының негізгі себебі мал етін экспорттау болып отыр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір