• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:58:59
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай және вакцинациялау барысын баяндады.

– Былтырғы жағдаймен салыстырғанда биыл пандемияға дайындығымыз жақсы. Төсек орын жеткілікті, дәрі-дәрмек қоры да бар. Жүйе жолға қойылған. Медицина қызметкерлері де үйренді. Олардың 90 проценті вакцина алды. Жаңа ауруханалар салынып, ковидке шалдыққан адамдарды емдеп жатырмыз, – деді ол "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде.

Министрдің айтуынша, қыркүйек айына дейін 5 млн қазақстандық екпе салдырады. Балалар вакцина салу ата-аналарының рұқсатымен жүргізіледң.

– Қазір тәулігіне 6600 жағдай тіркеліп жатыр. Тамыз айында елде тәулігіне 11 мың адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Бұл – пессимистік болжам. Реалистік тұрғыда 9 мыңның шамасында тіркеледі. Яғни келер айда дерттің асқынуы шарықтау шегіне жетеді, – деп атап өтті Алексей Цой.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір