• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:04:31
+35°

Қазгидромет елдің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысында 21 шілдеде күндіз солтүстіктен жел соғады, жел күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді деп күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында күндіз найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. 21-23 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтіледі. 22-23 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысында 21 шілдеде күндіз кей жерлерде найзағай соғуы  ықтимал. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 41 градус ыстық сақталады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 21 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнауы ықтимал. Кей жерлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жететін жел тұруы мүмкін. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір