• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:37:13
Алматы
+35°

Ақтаудағы сотталғандарға арналған жатақхананың құлауынан 11 сотталушы зардап шегіп, оның 3-еуі қайтыс болды

"Бүгінде олардың төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылды және олардың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда, көз жұмған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің біреуі ауыр хәлде, үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алған" делінген ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір аталған іс бойынша Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 278-бабы 3-тармағы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

19 шілде шамамен сағат 16:00-де Маңғыстау облысында ГМ-172/6 мекемесіне қарасты сотталғандарға арналған екі қабатты жатақхана құлаған.



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір