Маңғыстау облысына 9 вагон арпа жеткізілді

/image/2021/07/21/crop-80_11_829x1106_4f46f345-1c37-4bb5-a191-c8c33c185a29.jpg

​Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, өңірге 546,304 тонна арпа жеткізілді.

Мұны «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы «Каспий» ӘКК» АҚ облыстық қазынадан бөлінген қаржыға жүзеге асырып отыр. Мақсат – арпаның бағасын арзандатып, өңір шаруаларына қолжетімді бағада жем жеткізу.

Қазір 1 тонна арпаның нарықтағы орташа бағасы 112 мың теңге. Ал, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы жеткізіліп жатқан бір тонна арпаның сатылымдағы бағасы 92 мың теңге.

​Бүгін тоғыз вагонға артылған арпа жемі өңір станцияларына келіп тоқтады. Түпқараған, Мұнайлы аудандарына үшін 5 вагон, Жаңаөзен қаласы мен қарақия ауданы үшін 2 вагон, Маңғыстау ауданы үшін бір вагон бөлінді.
​Қабылдауға ыңғайлы болу үшін және одан әрі мал шаруашылықтары арасында тарату үшін арпа 45-50 кг қаптарға салынған.

​Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар