• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қараша, 13:44:11
Алматы
+5°

Қытайдың Чжэнчжоу қаласына толассыз жауған жаңбыр салдарынан 12 адам қайтыс болып, мыңдаған адам эвакуацияланды, деп жазады ВВС.

Хэнань провинциясындағы тасқыннан 500-ден астам адам құтқарылып, 200 мыңнан астам адам үйлерінен эвакуацияланды. Апаттың видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Зардап шеккендерді құтқару үшін аймақтарға әскер жұмылдырылған. Чжэнчжоу қаласында қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

– Мен Чжэнчжоуда тұрғалы өмірімде бүгінгідей жаңбыр көрген емеспін, – деді Ван Гиронг атты 56 жастағы қытай азаматы.

94 млн тұрғыны бар Хэнань провинциясында қайтадан бөгеттің құлап кету қаупі бар.

Би-би-си мәліметінше соңғы үш күнде Чжэнчжоуда жауған нөсер мөлшері бір жылдық жауын-шашынға тең болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Су тасқыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір