• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:01:04
Алматы
+35°

Атырауда 21 жастағы қыз "зорладың" деп айып тағамы" деп шымкенттік жігіттен екі миллион теңге ақша бопсалаған, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Сайт хабарламасына сәйкес, оқиға бірнеше рет қайталанған. Алғашында бойжеткен жігіттен 2 миллион теңге алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен.

18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Айтуынша, қыз оны "Зорлау" фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын" деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталған. Екеуі тіпті бір қызметте әріптес болған.

– Ол қыз жақсы танысым, тіпті Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым, – дейді жәбірленуші.

"Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні (қыз – ред.) жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды" делінген хабарламада.

Қазір 21 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір